Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді

Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді

2023 жылғы 20 қаңтар күні сағат  23.07-де 112 құтқару қызметіне Ырғыз ауданы, Нұра ауылдық округі, Нұра ауылы, Жүргенов көшесіндегі жеке үйде өрт шығып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті.

Шақырту орнына барған кезде жеке үй ішінде газ баллоны жарылып, салдарынан үйдің ішінде қабырғасы құлап, толықтай өртенді.

Өрт сағат 03.20-да сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 168 шаршы метрді құрады.

Өрт салдарынан 1965,1994 жылғы 2 ер адаммен, 1970 жылы туылған әйел адам 25% күйік алды.

Зардап шегушілер Ырғыз аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.

Өрттердің негізгі себебі тұрғындардың отпен абайсыз болуы және электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып отыр.

Ақтөбе облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.

Мыналарға:

➢ пәтерлерде және тұрғын бөлмелерде жанғыш сұйықтықтар мен газ баллондарын сақтауға;

➢ төсекте темекі шегуге;

➢ балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылдарын тастауға;

➢ пеште дайындалып жатқан тағамды бақылаусыз қалдыруға;

➢ жанғыш қалдықтардың үйінділерін ұйымдастыруға рұқсат етілмейді.

 

 

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі