«Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік өрт бақылау басқармасы» республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды

«Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік өрт бақылау басқармасы» республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды

Облыстардың, республиткалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармалары арасында «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік өрт бақылау басқармасы» республикалық конкурсы өтті.

Мұндай іс-шараны өткізу МӨББ жеке құрамының қызметін ынталандыру, өткізілетін іс-шаралардың тиімділігі мен сапасын одан әрі жетілдіру, МӨББ неғұрлым кәсіби дайындалған, құзыретті қызметкерлерін анықтау бойынша үлкен практикалық маңызға ие.

Конкурс нәтижелерін есептеу мынадай критерийлер бойынша жүргізілді: бақылаудағы объектілерді есепке алуды ұйымдастыру; тәуекел дәрежесі жоғары объектілерді жоспарлауды ұйымдастыру; тексеру кестесінің орындалуы; әкімшілік практиканың жай-күйі; әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімін жүргізу; қызметтік тәртіп.

Соңында конкурстық комиссия қорытынды шығарып, жеңімпаздар анықталды. Ақтөбе облысының ТЖД басқармасы республикадағы ең үздік мемлекеттік өрт бақылау басқармасы деп танылды. Басқарманың жеке құрамына Министрдің грамотасы мен жеңімпаздың вымпелі табысталды.

Республикалық байқауда екінші орынды Түркістан облысы ТЖД басқармасы иеленді, ал үшінші орынға Маңғыстау облысы ТЖД басқармасы шықты.

Екінші және үшінші орын алған бөлімшелер де министрдің грамоталарымен марапатталды.

 

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті