Қостанай облысында шалғайдағы елді мекендерді өрттен қорғау үшін 42-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

Қостанай облысында шалғайдағы елді мекендерді өрттен қорғау үшін  42-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

Қарабалық ауданының аумағындағы Лесное ауылында «Манас» ЖШС ауыл шаруашылығы кәсіпорны базасында кезекті өрт сөндіру бекеті ашылды.

Басты мақсаты-халықты, объектілерді және мүлікті мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесі жоқ елді мекендерді өрттерден қорғау.

Бұл Қостанай облысында құрылған 42-ші және Қарабалық ауданында 3-ші бекет болып табылады. Осыған ұқсас бекеттер 2016 жылдан бастап Новотроицк ауылдық округінде және 2019 жылдан бастап Боскольск ауылдық округінде жұмыс істейді.

Арнайы жылытылатын бөлмеде қажет нәрсенің бәрі бар: демалыс және тамақтану бөлмелері, жабдықты орналастыруға арналған қорап. ЗИЛ-130 шассиіндегі АЦ-2,5-40(431412)-63Б өрт сөндіру автокөлігі техникалық жарамды жағдайда қажетті өртке қарсы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бекеттің штаттық саны 3 адам.

Өрт сөндіру бекетін құру 2 ауылды – Лесное және Кособа ауылдарын, сондай-ақ жалпы халық саны 800-ге жуық қорғалатын елді мекендерге жақын орманды-дала аумағын қосымша өртке қарсы қорғаумен қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы желтоқсанның соңында Бейімбет Майлин ауданының Асенкритовка ауылында «Майлин атындағы» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының базасында № 41 жеке өрт сөндіру бекеті ашылды. Өрт сөндірушілердің жаңа бөлімшесін құру Асенкритовка ауылдық округінің аумағында орналасқан Асенкритовка, Қызылжар, Майлин және Николаевка сияқты 4 шалғай ауылды бірден қосымша өртке қарсы қорғаныспен қамтамасыз етеді. Қорғалатын елді мекендердің халық саны 1 867 адамды құрайды. Өрт сөндіру бригадасының штатында 3 адам бар. АЦ-40 (ЗиЛ-130) өрт сөндіру автокөлігі, киім-кешек, өрт-техникалық қару-жарақ және үй-жайды «Майлин атындағы» ЖШС ұсынды. Енді ауыл тұрғындарының тыныштығы тәулік бойы кезекшілікке қатысатын 3 оқытылған өрт сөндірушінің жауынгерлік есебін қамтамасыз етеді.

 

 

            Қостанай облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы