
14 -15 желтоқсанда елордада ҚР Тәуелсіздік күніне және қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинді еске алуға арналған құқық қорғау және күштік құрылымдар арасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кубогына шайбалы хоккейден турнир өтті.
Чемпиондар атағы үшін төрт команда күресті: Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
«Қазақстан» спорт кешенінде өткен іс-шараның жабылу салтанатында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин құттықтау сөз сөйлеп, турнир жеңімпазы мен жүлдегерлеріне кубок, сыйлықтар мен дипломдар табыс етті.
Екі күндік турнир үш кезеңге созылды, айналмалы жүйе бойынша әрқайсысы 15 минуттан өтті. Бірінші күннің қорытындысы бойынша ҰҚК ІІМ-мен ойында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы 18:3 есебімен жеңіске жетті, МКҚ ТЖМ-мен ойында ТЖ министрлігінің командасы 7:2 есебімен жеңімпаз атанды.
Осылайша, екінші күні финалдық ойынының қорытындысы бойынша төртінші орынды Ішкі істер министрлігінің командасы, үшінші жүлделі орынды Мемлекеттік күзет қызметі командасы, құрметті екінші орынды Төтенше жағдайлар министрлігінің командасы және турнир жеңімпаздары кубогын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы жеңіп алды.
Команданың әрбір қатысушысы естелік медальмен марапатталды, сондай-ақ «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Алмаз Иссаканов, «Үздік қақпашы» Әлібек Ғабдуллин, «Үздік шабулшы»Руслан Тен, «Үздік мерген» Юлиан Попович марапатталды.
Турнир қатысушылары жеңісті өрт кезінде адамдарды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Астана қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндірушісі Асқар Забикулинді еске алуға арнады.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі