Әуезов ауданы мектептерінің 100-ден астам түлегіне ТЖМ Азаматтық қорғау академиясына қалай оқуға түсуге болатыны айтылды

Әуезов ауданы мектептерінің 100-ден астам түлегіне  ТЖМ Азаматтық қорғау академиясына қалай оқуға түсуге болатыны айтылды

2022 жылғы 12 желтоқсанда Әуезов ауданының ТЖ басқармасы № 6 мектеп-гиманзияның және  №155 жалпы білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушыларымен ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу бойынша үгіт-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мереке қарсаңында Әуезов ауданының ТЖ басқармасының инспекторлары пиротехниканы пайдалану ережелері туралы, өрт туындаған кездегі іс-қимылдар туралы, қыста су қойманың жанында болған жағдайда сақтық пен қырағылықты еске салды.  Оқушыларға ҚР ТЖМ жалғыз жоғары оқу орнындағы тегін оқу туралы айтылды.  Мысалы, басқа жоғары оқу орындарынан айырмашылығы, Азаматтық қорғау академиясына түскен курсанттар төрт жылдық оқу барысында тегін оқытылып, тегін киім-кешекпен, тамақпен қамтамасыз етілінін айтты.

110 мектеп оқушыларына академия туралы арнайы әзірленген жадынамалар мен плакаттар көрсетіліп, сондай- ақ  мұздағы қауіпсіздік және тұрмыста өрт туындаған кездегі тәртіп ережелері бар жадынамалары табыс етілді.

 

 

Алматы қаласы ТЖД

Әуезов ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы