Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметі туралы брифинг өтті

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметі туралы брифинг өтті

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев брифингте сөз сөйледі.

БАҚ өкілдері халықпен кездесуде айтылған мәліметтерге сәйкес Шымкент қаласында сел-сырғыма қауіпті учаскелері, "112" бірыңғай жедел ден қою орталығы және қаладағы өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша сұрақтар қойыды.

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Шымкент қаласындағы өртке қарсы қызметінің материалдық-техникалық базасы заманауи автокөліктермен толық қамтылғанын алға тартып, қосымша жаңадан салынып жатқан өрт сөндіру деполары да жаңа техникамен жабдықталатының атап өтті.

Сонымен қатар БАҚ өкілдері бірінші вице-министрге Шымкент қалалық ТЖ департаментінің қызметіне бағасын беруді өтініп, жалпы республика көлемінде қызметтік бабында қайтыс болған қызметкерлер туралы сұрақ қойды.

 

 

Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі