
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Шымкент қаласындағы Абай саябағында қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Осы іс-шарадан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала тұрғындарымен кездесіп, ТЖ министрлігінің қызметі бойынша есеп берді. Тұрғындармен кездесу барысында төтенше жағдай туындаған кезде халықты хабардар ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, су тасқыны кезеңінде тұрғын үйлерді су басудың алдын алу, жылыту маусымында қайғылы оқиғалардың болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы, көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігіне қатысты халық қойған өзекті сұрақтарға жауап беріп, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
Қала тұрғандырынан және Министрліктің әлеуметтік желілері арқылы келіп түскен сұрақтарға жауап берілді.
Кездесу соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен ақпараттық-коммуникациялық орталығында брифинг өткізілді.
Бірінші вице-министр жеке қабылдауға жазылған азаматтарды тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қабылдауға жазылған азаматтардың сұрақтары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік емес өрт сөндіру құралымдарды тексеру, білім беру объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі саласында аттестациядан өткізу бағытында болды.
Сонымен бірге құтқарушылардың қызметіне байланысты мәселе де талқыланып, бұл бағытта жүзеге асырылған іс-шаралар туралы айтылды.
Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі