Асқар Забикулинді соңғы сапарға шығарып салды

Асқар Забикулинді  соңғы сапарға шығарып салды

Бүгін Көкшетау қаласында ерлікпен қаза тапқан азаматтық қорғау капитаны Забикулин Асқар Серікұлын әріптестері мен туған-туыстары соңғы сапарға шығарып салды. 

Сағат 12.00-де республика бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде бір минуттық үнсіздікпен еске алды. 

Асқар Забикулин туған жері Еңбекшілдер ауданының Казгородок ауылында жерленді.