
ТЖ министрі Юрий Ильин Қызылорда облысында халықпен кездесу барысында бөлімшелердің жарақталуы туралы айтты.
«Бірінші бұл өрт сөндіру бөлімшелерін жарақтау. Облыс бойынша 16 бөлімше өрттен қорғайды. Бұл жеткіліксіз, бірінші кезекте қосымша 2 бөлімше қажет,- деп Министр атап өтті.
Иелікте әртүрлі мақсаттағы 106 бірлік техника бар, жарақталуы 72%-ды құрайды.
Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен биыл 44 бірлік өрт сөндіру және құтқару жабдықтары сатып алынды. Министрлік 3 өрт сөндіру машинасын сатып алды, жыл соңына дейін тағы 3 өрт сөндіру бекеті жеткізіледі деп күтілуде. Оған қоса, әкімдіктер салған 22 өрт сөндіру бекеті қызмет атқарады. Олар 107-ден астам азамат тұратын 52 елді мекенді өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді»,- деп Юрий Ильин хабарлады.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі