
ТЖМ басшысы Қызылорда облысының халқымен кездесуде күнделікті өмірдегі ең көп таралған бұзушылық мерзімі өткен газ баллондарын және оларды пештердің жанында пайдалану екенін айтты. Сонымен қатар газ жабдықтарының ақауы, ол қайғылы салдарға әкеледі.
Газ жарылыстарынан топтық өлімді азайту үшін Министрлік газ-техникалық қызметтердің өңірлік инспекторларымен бірлесіп қарапайым тұтынушылармен және газ толтыру станцияларының иелерімен газ жабдықтары мен тұрмыстық газ баллондарын пайдалану қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
«Мен халықтың назарын жанармай құю бекеттерінде газ баллондарын құюға заң бойынша тыйым салынғанына аударғым келеді. Ұсынымдарды елеп, қарапайым ережелерді сақтау Сізді және балаларыңызды өрттен және улы газбен уланудан қорғайды», - деп Юрий Ильин халыққа айтты.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі