Қызылорда облысында ТЖ кезінде қаза тапқандардың саны 37%-ға азайды

Қызылорда облысында ТЖ кезінде қаза тапқандардың саны 37%-ға азайды

Бұл туралы ТЖ министрі Қызылорда облысының халқымен кездесу барысында хабарлады.

«Төтенше жағдайлар кезінде халық өлімінің азайғаны Министрліктің басты көрсеткіші болып табылады. Мәселен, ағымдағы жылдың 10 айында облыс бойынша қаза тапқандар саны 37% - ға азайды. Бұл ретте төрт жүзден астам төтенше жағдай тіркелді», - деп Министр хабарлады.

Төтенше жағдайлардың негізгі үлесі техногендік сипатта болады, бұл тұрғын үй секторындағы және көліктегі өрттер, ал суық түсуіне байланысты бұл көрсеткіш артады. Өздеріңіз білетіндей, 1 қазаннан бастап елімізде жылыту кезеңі басталды.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі