2022 жылғы 21 қарашада сағат 15.00-де Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында (Атырау қаласы, Әуезов көшесі 53а) Төтенше жағдайлар вице-министрі Пішембев Мереке Құдайбергенұлы Атырау облысының тұрғындарымен онлайн форматта кездесіп, азаматтарды қабылдайды.
Сонымен қатар, вице-министр БАҚ өкілдерінің министрліктің қызметіне қатысты сұрақтарына жауап береді.
Азаматтардың сауалдарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау ps_dchs_atyr@emer.kz электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Сұрақтар 2022 жылғы 18 қарашаға дейін қабалданады.
Аккредиттеу мәселелері бойынша
Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметіне
55 83 03, +7 775 569 74 05, + 7 778 269 21 93
телефондары бойынша хабарласыңыз