
Жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу мақсатында ТЖ департаменті мақсатты үгіт-профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Өткен жылыту кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 1 343 бірлік көміртегі тотығы датчигі орнатылып, 1 452 жылыту пештерінің түтін мұржалары тазартылды.
Департамент қызметкерлерімен жылыту кезеңі басталғаннан бері барлығы 100 мыңнан астам үйді аралау қамтылып, өрт қауіпсіздігі ережелерінің 8 мыңға жуық бұзушылықтары анықталды. Бұл бұзушылықтар автономды жылыту жүйелерімен және электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға байланысты.
«Жылыту маусымы басталғаннан бері Ақмола облысында 73 өрт тіркелді. Облыс аумағында атаулы профилактикалық жұмысты қажет ететін 7 749 отбасы бар. Тұрғын үй секторындағы өрттердің санын азайту мақсатында Департамент жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, полиция қызметкерлерімен, еріктілермен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде», – деді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Әсет Жақсылықов.
Ақмола облысының ТЖД бірінші кезекте тұрғындарға электр сымдарын қалпына келтіру және жылыту пештері мен жабдықтарын жөндеуді ұсынады. Жиһаз және басқа да жанғыш заттарды пештің жанына қоюға тыйым салынады. Сондай-ақ, пеш жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға тыйым салынады. Үйде жасалған электр жылыту құралдарын пайдалануға жол берілмейді, электр сымдарының, қосқыштар мен розеткалардың жарамдылығын бақылау қажет.
Осы қарапайым талаптардың барлығын орындау сіздің тұрғын үйіңізді төтенше жағдайлардан және сіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын олардың зардаптарынан сақтауға көмектеседі.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі