ҚР ТЖ вице-министрі Абай облысының халқымен кездесті

ҚР ТЖ вице-министрі Абай облысының халқымен кездесті

Бүгін 16 қараша күні Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков Абай облысының халқымен кездесті. Азаматтарды өңірдің су тасқынынан қауіпсіздігі, орман өрттерінен қорғалуы, азаматтық қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік қамсыздандырылуын арттыру мәселелері қызықтырды.

Жыл басынан бері ТЖД бөлімшелері төтенше жағдайлар орнына 2 800-ден астам рет шықты. Бұл ретте 138 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

«Облыстағы табиғи өрттер ерекше назар аударуды қажет етеді. Бүгінгі таңда біздің міндетіміз - елді мекендер мен экономика объектілерін маусымдық қауіп-қатерлерден қорғау бойынша тиімді шараларды іске асыру. Алда қиын қыс мезгілі, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына және халыққа көмек көрсету жағдайында жедел ден қоюға назар аударған жөн», - деп Марат Күлдіков атап өтті.

Кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдады. Олар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою сұрақтарымен жүгінді. Сонымен қатар журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

        

 

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі