
2022 жылғы 18 қарашада Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, одан кейін азаматтарды жеке қабылдайды (жеке қабылдауға алдын ала жазылу келесі нөмір бойынша жүзеге асырылады 8/7232/257153, po_dchs_vko@emer.kz).
Кездесу Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында өтеді (Өскемен қаласы, Протозанова көшесі 97/1, басталуы сағат 11:00-де).
Кездесу ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Отырыс аяқталған соң Төтенше жағдайлар вице-министрі брифинг өткізіп, министрліктің қызметі туралы журналистердің сауалдарына жауап береді (журналистерді тіркеу 8 777 977 21 21нөмірі бойынша жүргізіледі).