Алдын-ала сауалдар беру үшін «Сұрақ-жауап» бөліміндегі «Сұрақ қою» түймешігін басу және «Халықпен кездесу» санатын таңдау қажет
2022 жылғы 17 қарашада Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барады.
Министр облыстың тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездеседі, сондай-ақ, азаматтарды қабылдайды.
Сонымен қатар, Министр брифингке қатысып, журналистердің министрліктің қызметіне қатысты сауалдарына жауап береді.
Азаматтардың сауалдарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» айдары («Халықпен кездесу» санаты), dchs_kyzl@emer.kz, ps@emer.kz электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Сұрақтар 2022 жылғы 16 қарашаға дейін қабылданады.
Тіркелу кезінде аты-жөнін, сауалын және байланыс дерегін (ұялы байланыс нөмірі) жазып қалдыру қажет.
(«2022 жылғы 17 қарашадағы халықпен кездесу» деп хаттың тақырыбын көрсеткен жөн).