Ағымдағы күні болған өрттер бойынша жедел ахуал

Ағымдағы күні болған өрттер бойынша жедел ахуал

Тұрғын үйлердегі өрттер көбінесе тамақ дайындау, темекі шегу, отындық пештерін немесе жылытқыштарды абайсызда пайдалану кезінде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және электр жабдықтары мен тұрмыстық электр құрылғыларын орнату және пайдалану ережелерін бұзу немесе олардың ақаулы күйде болу салдарынан орын алады.

Ағымдағы күні республика бойынша 3 тұрмыстық өрт жағдайы орын алды, онда 1 адам қаза тапты, 1 адам ауруханаға жатқызылды, 5 адам құтқарылды және 37 адам эвакуацияланды.

Мәселен, 2022 жылғы 14 қарашада Алматы қаласында 2 қабатты көппәтерлі қаңқалы-қамысты тұрғын үйде 1-қабаттағы пәтерде өрт шығып, 2-қабаттағы пәтерге ұласты. Жану өнімдерімен уланған және екі қолын күйік шалған алкогольді мас күйінде болған 1965 жылы туған азамат жағдайын қарау үшін ауруханаға жеткізілді. 10-30-да өрт жойылды және қазіргі уақытта оның себебі анықталуда. Өрт орнында жеке басы мен жынысы анықталып жатқан адамның денесі табылды. Өрт орнында жеке құрамның 43 адамы және 10 техника жұмыс істеді.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Тоғыз станциясында жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімінен 70 км қашықтықта орналасқан 2 қабатты мектеп-интернат ғимаратында тағы бір өрт оқиғасы тіркелді. Жедел қызметке 2-қабаттағы кабинетте жану туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамының 9 адамы, 2 бірлік техникасы және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 1 өрт пойызы келіп жетті.

Сондай-ақ Қостанай қаласында 9 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтердегі жиһаз бен терезе жақтауының жануына байланысты 8 шаршы метр алаңда өрт болды. ТЖД күшімен баспалдақ маршымен және автосатының көмегімен 5 адам құтқарылды, оның ішінде 3-і бала, 37 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4-і бала. Сағат 09-38-да жалпы күштердің көмегімен өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 9 қызметкері және 2 бірлік техникасы қатысты.

 Пәтеріңіздегі өрт кезінде қабылданатын әрекеттер:

*Ең алдымен, құтқару қызметтеріне ең толық ақпаратты: мекен-жайын, өрт шыққан жерін, өз деректерін хабарлау арқылы хабарлау керек;

* Әлсіз және еңбекке жарамсыз азаматтарды, балалар мен қарттарды эвакуациялау. Бұл ретте адамдарды ғимараттың сыртына шығару керек, лифтті қолдануға мүлдем болмайды.

*Егер өрт аймағы аз болса, қол астындағы құралдарды пайдаланып, өртті өз бетіңізше оқшаулауға тырысыңыз. Өртті сөндіру үшін су құйылған ыдысты пайдалануға болады.

* Егер сұйықтық (май, еріткіш) жанып жатса, су құйып сөндіру жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін, кез-келген тығыз материалдарды (мысалы, киіз) қолданған жөн.

*Егер сіз өрттің таралуының алдын ала алмасаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төніп тұрса, алдымен есіктер мен терезелерді мықтап жауып, бөлмеден тезірек шыққан дұрыс.

* Алдыңғы есіктен шығуға мүмкіндік болмаса, балконға барыңыз, есікті артыңыздан мықтап жабу керек, егер өрт баспалдақтары болса, солармен төмен түсіңіз. Матадан бұралып жасалған импровизацияланған арқандардың, түрлі шлангтардың және т.б.көмегімен түсу ұсынылмайды, мұндай құралдарды өте қажет болған жағдайда ғана пайдалануға болады.

Бұл өрт кезіндегі негізгі іс-әрекеттер, және есіңізде болсын, өрт ошағы бар бөлмеде терезелерді ашпаңыз, себебі оттегінің түсуі өрттің қарқындылығын күшейтеді.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі