Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен «Өрт сөндіру кроссфиті» өткізілді

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен «Өрт сөндіру кроссфиті» өткізілді

2022 жылғы 5 қараша күні Алматы облысы ТЖ департаменті Талғар қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында “Өрт сөндіру кроссфиті” өткізілді.

Бұл іс-шара өрт сөндірушілердің дағдыларын жетілдіру және кәсіби шеберлігін арттыру, өрт сөндіру спортын насихаттау, сондай-ақ денсаулықты нығайту, ағзаны жаттықтыру және Алматы облысы ТЖД қызметкерлерінің арасында жылдамдыққа төзімділік дағдыларын дамыту мақсатында өткізілілді. Аталған жарысқа Алматы облысы ТЖД жеке құрамының 38 қызметкері қатысты. "Өрт сөндіру кроссфитін" өткізу барысында қатысушылар жарыс бағдарламасының барлық шарттарын орындады, олар бірнеше күрделі кезеңдерден тұрды, мысалы, 16 кг салмақты көтеру, "Орал" автошинасын аудару, 77 мм өрт жеңқолдарын ашу және оларды қосу, 40 кг штанганы көтеру және мәреге дейін басқа да жаттығулар. Барлық күштік экстремалды жаттығулар толық жауынгерлік формада орындалды, бұл әрине тапсырмаларды орындауды қиындатты. Бірақ қатысушылар керемет нәтижелер көрсетті және дене шынықтырудың жоғары деңгейін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен командалардың жеңімпаздары таңдалып, орындар анықталды. "ӨС және АҚЖҚ" ММ қызметкерлері арасында 1 орынды Ақши ауылының өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Жұмамұратов Дархан Серікұлы, екінші орынды Қонаев қаласы бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Ракым Рүстем Еркебайұлы, 3-орынды Талғар қаласының аға өрт сөндірушісі сержант Байжұма Мереке Бауыржанұлы иеленді. ТЖД аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында 1-орынды Ұйғыр ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Радик Маликович Қасымов, 2-орынды Кеген ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Тұрлықожа Мұхамедалиұлы, 3-орынды Райымбек ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Аян Ғалымжанұлы Базарбай иеленді. Жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Алматы облысының ТЖД осы спорттық эстафетаны Жетісу облысы ТЖД табыстады.

Жалпы, мұндай іс-шаралар гарнизондардың жалпы рухын көтереді, салауатты бәсекелестікті дамытады және қызметкерлердің патриотизмін нығайтады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі