
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы – бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа байланысты немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын өзге де заңдарда көзделген, заңда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын іс-әрекеттер. Мыңжылдықтар тоғысындағы тарихы тереңінен бастау алатын сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отырғаны мәлім.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау мақсатында, сондай-ақ 2022 жылғы 4 қараша күні №7 ӨСБ жеке құрамының арасында алдын алу мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс өткізді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі