
Бір ай бұрын ғана Глубокое ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері орнатқан улы газ датчигі үш баласы бар отбасын құтқарып қалды. Оқиға өткен демалыс күндері болған, 29 қазанда Верх-Березовка ауылындағы Куйбышев көшесінде шамамен түнгі сағат екі шамасында хабарлағыш іске қосылып, үй тұрғындарын оятқан. Төрт ересек және үш бала бірден «қауіп аймағынан» далаға жүгіріп шығады. Шатыр астындағы түтінді байқаған 23 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына дереу келіп жетті. Құтқарушылар түтінді сору жұмыстарын жүргізді.
Үй иесінің айтуынша құрылғының кенеттен шыққан дыбысы жедел ден қойып, аман қалуына себепші болған.
«Жыл сайын осындай «құтқару датчиктері» әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың үйлерінде орнатылады. Биылғы жылы жылыту маусымы алдында Шығыс Қазақстан аумағындағы 3000 отбасы қамтылды», - деді Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Улы газ хабалағышы бүгінгі күні танымал болуда. Пештерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кезде бөлме ішіне толатын, көзге көрінбейтін, иісі білінбейтін улы газға осы датчиктердің көмегімен бақылау жасауды қамтамасыз етуге болады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі