Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Түркістан облысының халқымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің  Түркістан облысының халқымен кездесуі

Алдын-ала сауалдар беру үшін «Сұрақ-жауап» бөліміндегі «Сұрақ қою» түймешігін басу және «Халықпен кездесу» санатын таңдау қажет

2022 жылғы 10-11 қарашада Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан  облысына жұмыс сапарымен барады.

Министр облыстың тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездеседі, сондай-ақ, азаматтарды қабылдайды.

Сонымен қатар, Министр брифингке қатысып, журналистердің министрліктің қызметіне қатысты сауалдарына жауап береді.

Азаматтардың сауалдарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» айдары («Халықпен кездесу» санаты), gdo_dchs_turk@emer.kz , ps@emer.kz электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Сұрақтар 2022 жылғы 8 қарашаға дейін қабылданады.

Тіркелу кезінде аты-жөнін, сауалын және байланыс дерегін (ұялы байланыс нөмірі) жазып қалдыру қажет.

(«2022 жылғы 10 қарашадағы халықпен кездесу» деп хаттың тақырыбын көрсеткен жөн).