Төтенше жағдайлар вице-министрі Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті

Төтенше жағдайлар вице-министрі  Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті

2022 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков Батыс Қазақстан облысы тұрғындарымен онлайн форматта кездесіп, азаматтарды қабылдады.

Кездесуге облыстық мәслихат депутаттары, азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, тұрғындар мен қоғам өкілдері қатысты.

Вице-министр Министрліктің 2022 жылдың өткен кезеңіндегі қызметінің қорытындылары туралы хабардар етіп, ТЖМ бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

«Өңірдегі жағдай тұрақты, есепті кезеңде қайтыс болғандар саны 84,7% - ға азайды, 448 жағдай тіркелді. Жалпы 1 490 - ға жуық шығу жүзеге асырылды, 367 адам құтқарылды және 327 адам эвакуацияланды»,-деп атап өтті вице-министр.

Кездесу барысында азаматтық қорғау саласындағы түрлі мәселелер қаралып, толық жауаптар берілді.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Тұрарбек Тілемісов ТЖМ басшылығына алғысын білдіріп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әрқашан өзекті болып қала беретінін, ал Қостанай облысындағы өрттен кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі келіп, тиісті міндеттер қойып, бұл мәселелерді шешу бақылаудың жаңа деңгейіне шығарылғанын атап өтті.

Кездесу соңында вице-министр генерал-майор Марат Күлдіков Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне азаматтық қорғау саласындағы мәселелерді халыққа түсіндіру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттілігі туралы міндеттер қойды.

 

 

Батыс Қазақсан облысы ТЖД