Жеке құрамды шатқалдың жоғары жағында шыққан өрт орнына жеткізу үшін (биіктігі 1720 метр) ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы пайдаланылды.
Өрт сағат 13: 03-де ауыздықталып, сағат 13.28-де сөндірілді. Өрттің ауданы 5 га құрады.
Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД жеке құрамынан 56 адам, 13 бірлік техника, ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы, "Қазавиаорманкүзеті" АҚ 6 адам, 55 мемлекеттік инспектор, Іле-Алатау МҰТП қызметтік ат патрулі жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жұмыстарын өрт ошақтарының биіктікте орын алуы, жетуі қиын жерлер қиындатты
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі