
20 қыркүйек сағат 08:57-де Атырау қаласы, Кеңөзек ауылы, Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде және «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығы аумағында шамамен 60 га аумақта қамыс өсімдіктері (қамыс) жанды.
Жердің батпақты және өрт сөндіру техникалары өте алмауына байланысты өртті сөндіру мүмкін болмады. Елді мекендерге қауіп төніп төнген жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің (20 қызметкер мен 2 бірлік техника) және "Ақ Жайық" МТР (5 жұмысшы және 2 техника) күштері жануды бакылауда.
Өрт ошағына жету жолдардын іздестіру кезінде батпақты жерде батып қалған «TREKOL» автокөлігі толығымен жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ.
21 қыркүйек күні 7:30 сағатта МИ-8 тікұшағы барлау жұмыстарын жүргізіп, 20х20 көлемінде 2 ашық отпен жану ошағын және 100 м көлемінде бықсуды анықтады. Қазіргі уақытта әуеден сөндіру жумыстарын жүргізуде. Елді мекенге қауіп жоқ.
Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы