ШҚО-да 10 қыркүйектегі өрт жағдайы туралы ақпарат

ШҚО-да 10 қыркүйектегі өрт жағдайы туралы ақпарат

Күршім ауданында "Марқакөл орман шаруашылығы" РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағында шөп, бұта, ағаштардың жануына қарсы күрес жалғасуда. Өрттің алдын-ала ауданы-1800 га. жақын жерде орналасқан елді мекендерге қауіп жоқ. Өртке қарсы күреске ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшылар мен жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің 307-ге жуық адамы мен 35 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен, ауа-райы жағдайларымен күрделенген, сондықтан 4 тікұшақ тартылды: облыс әкімдігінің МИ-8, МИ-171 және ҚР ТЖМ "Еврокоптер"- "Қазавиақұтқару", сондай - ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-17. Барлығы 28 рет су төгілді. Сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Алтай ауданында "Зырян орман шаруашылығы" КММ және "Быков орманшылығы" аумағындағы бұталар мен шөптерді жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, "Қазавиаорманқорғау", ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері таулы жерлерде 2400 Га алдын ала алаңда сөндіреді. 230 тоннадан астам су төгілді. Елді мекендерге қауіп жоқ. ШҚО ТЖД-да және өрт болған жерде жедел штабтардың жұмысы ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге барлығы 367 адам және 35 бірлік техника жұмылдырылды.
Жұмыс Катонқарағай ауданында да жалғасуда, онда өрт алдын ала 1900 Га алаңда, Алтынбел ауылынан 12 км жерде, "Большенарым орман шаруашылығы" КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағында жүруде. Жоюға 355 адам және 29 бірлік техника, ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, полиция қатысуда. Десантты жеткізу үшін Қазавиаорманқорғау МИ-2 тікұшағы тартылды.
09 қыркүйекте Құйған ауылдық округінің аумағында таулы жетуі қиын жерде 543,6 га астам ауданда шөптер, бұталар өрті тежелді.
Қазіргі уақытта Құйған ауылдық округі аумағында "Заря" учаскесінде 09 қыркүйекте шамамен 300 Га құрғақ шөп өртімен күресуде. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жақын Қайнар елді мекеніне дейінгі қашықтық 10 км. жоюға ШҚО ТЖД, Лесхоз, ЖАО 44 адам және 8 бірлік техникасы тартылған

 

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі