ШҚО бойынша 2022 жылғы 7 қыркүйектегі сағат 8.00-дегі жағдай

ШҚО бойынша 2022 жылғы 7 қыркүйектегі  сағат 8.00-дегі жағдай

Күршім ауданында "Марқакөл орман шаруашылығы" РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағында шөптер, бұталар, ағаштар өртенді. Өрттің алдын-ала аумағы 300 га құрайды, ең жақын елді мекен - Төсқайың ауылы, 10 шақырым жерде орналасқан. Оған ешқандай қауіп жоқ. Өртке қарсы күреске ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшылар мен жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің 270-тен астам адамы мен 34 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, "МИ-8" және "Еврокоптер" тікұшақтары іске қосылды. Өскемен қаласынан қосымша күштер мен құралдар күшейтілді.
Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері өрт сөндірушілерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуде үлкен қолдау мен көмек көрсетуде.
Алтай ауданында "Зырян орман шаруашылығы" КММ және "Быков орманшылығы" аумағындағы бұталар мен шөптерді жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, "Қазавиаорманқорғау", ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері таулы жерлерде шамамен 700 Га алаңда сөндіруді жалғастыруда. Елді мекендерге қауіп жоқ. ШҚО ТЖД-да және өрт болған жерде жедел штабтардың жұмысы ұйымдастырылған. Өртті сөндіруге барлығы 320-дан астам адам мен 25 бірлік техника жұмылдырылды.
Бүгінгі таңда аймақтағы ыстық ауа-райына байланысты облыстағы өрт қауіпті жағдай сақталуда. Өрт қауіптілігінің 4 және 5-сыныптары. ШҚО ТЖД азаматтарға жоғарыда көрсетілген жағдайда мынадарға жол берілмейтінін ЕСКЕРТЕДІ:
1) орманды дала аймағында от жағу
2) жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын тастауға және темекі шегетін түтіктерден ыстық күлді сілкіп тастауға;
3) аң аулау кезінде тез тұтанатын немесе бықсыған материалдардан жасалған тығындарды пайдалануға;
4) жанармай құйылатын машиналардың жанында темекі шегуге немесе ашық отты пайдалануға;
5) шөпті өсімдіктерді жағуға.
Өрт болған жағдайда бірден 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.
Жануды бастапқы сатыда қадағалау үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары космомониторингті пайдаланады, бұл термонүктелер бойынша деректерді алуға мүмкіндік береді.
Облыста күн сайын ашық аумақта шөптің жануы жалғасуда. Өртті сөндіруге шамамен 17-20 шығу жүзеге асырылды. Негізгі себеп-отты абайсыз пайдалану.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі