Қостанай облысында болған табиғи өрт бойынша 4 қыркүйек сағат 18.00-дегі жедел ақпарат

Қостанай облысында болған табиғи өрт бойынша 4 қыркүйек сағат 18.00-дегі жедел ақпарат

Қазіргі уақытта 2 елді мекенде (Аманқарағай, Озерное), М-36 республикалық трассасының бойында, сондай-ақ орман аймағының 8 учаскесінде (Бағаналы ауылы ауданында 5 ошақ (жиегі 15 км), Лесное ауылы ауданында 2 ошақ (жиегі 5 км), Аманқарағай ауылында 1 ошақ (жиегі 2 км) өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Өртті сөндіруге 193 бірлік техника, 7 әуе кемесі (ТЖМ – 4 тікұшақ, Қазавиалесохран – 1 АН-2 ұшақ, МО – 2 тікұшақ), 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамның 1475 адамы жұмылдырылды: ТЖМ - 58 бірлік техника, жеке құрамның 359 адамы, суағар құрылғылары бар 4 тікұшақ (ТЖМ-4 тікұшақ),Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД, ә / б 52859 (Қарағанды қ.)); жмвд - 61 бірлік техника, жеке құрамнан 700 адам; ӘБ - жеке құрамнан 169 адам, суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ; Орман шаруашылығы - 33 бірлік техника, 86 адам орман күзеті;"Қазавиаорманқорғау" РМҚК-3 бірлік .  техника, 17 адам, 1 әуе кемесі; ЖАО - 38 бірлік техника, 123 адам; "ҚТЖ" АҚ-5 өрт сөндіру пойызы, 21 адам.

Су ағызу құрылғылары үшін суды 25 км қашықтықта орналасқан табиғи су қоймасынан алуда. Өртті сөндіруге 93 рет суды шашу жүргізілді.

4 қыркүйекте сағат 15.00-де ауа райының өзгеруі салдарынан (қатты жел) Лесное елді мекеніне қауіп төнді. Осыған байланысты ІІМ, Қорғанысмині және ТЖМ әскери бөлімі күштері мен құралдарын Аманқарағай және Озерное елді мекендерінен ішінара көшіру жүргізілді.

ТЖМ мен Қостанай облысының ТЖ департаментінде жедел желі ашылды, психологтарының жұмысы ұйымдастырылды. ТЖМ жедел желісіне ақпараттық сипаттағы 30 қоңырау келіп түсті. Қостанай облысы ТЖД 2 психологы, Қостанай облысы Полиция департаментінің 3 психологы,  «Сарыарқа Автопром» ЖШС 3 психологы Әулиекөл ауданының эвакопунктінде халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.41 адамға консультативтік, 45 балаға топтық форматта көмек көрсетілді

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Озерное ауылынан (250 адам),Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино ауылынан (228 адам) және Лесное ауылынан (363 адам) жалпы барлығы 1841 адам эвакуацияланды. Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланғандарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды ұйымдастырды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы және Қостанай облысы әкімінің жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімі әзірленді және қол қойылды.

Новонеженка ауылында ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлінің күшімен зардап шеккен халықты қабылдау үшін палаталар өрістетілді.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында суағызу құрылғылары бар ҚР ҚМ 3 әуе кемесі әзірліктк  тұр.

3 қыркүйек сағат 16.00-ден бастап Озерное ауылындағы тұрғын үй құрылыстарына (8 тұрғын үй, 1 әкімшілік ғимарат), Лесное а. (1 тұрғын үй), Аманқарағай а. (98 тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар), Аманқарағай мұнай базасының аумағына өрттің көшуі тіркелді. Қазіргі уақытта ЖАО комиссиясы келтірілген залалдың есебін жүргізуде.

10 адам жарақат алды, күйік алды, жеңіл және орташа ауырлықтағы улану (халықтың 5 адамы, бір кәмелетке толмаған адамды қоса алғанда, 1 орман шаруашылығының қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, 3 ТЖМ қызметкері), оның ішінде 4 орталық аудандық ауруханада, 6 тексеруден кейін және көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Сонымен қатар   Нұр-Сұлтан қаласында Мәжіліс депутаттарының ұсынысымен гуманитарлық көмек жасақталуда.

 

 

        

ҚР ТЖМ жедел штабы