Қарағанды қаласындағы «Сары-Арқа» халықаралық әуежайындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығу

Қарағанды қаласындағы «Сары-Арқа» халықаралық әуежайындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығу

25 тамызда Қарағанды қаласындағы «Сары-Арқа» халықаралық әуежайында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Тактикалық аңыз бойынша ұшақтың сол қанатының жануы орын алды. Өртті байқаған диспетчер ТЖ туралы «101» нөміріне телефон арқылы хабарлады. Диспетчердің айтуынша, салон ішінде адам қалған және өздігінен шыға алмаған. Өрт сөндіруші-құтқарушылар зардап шегушіні ұшақ салонынан тауып алып, апат медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізу барысында қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды.

Бұл нысан аса маңызды және өрт қауіпті объектілердің кеңейтілген тізбесіне енгізілген, сондықтан өрт туралы хабарлама келіп түскен кезде № 3 өрт дәрежесі бойынша техниканы автоматты түрде жіберу көзделген.

Оқу-жаттығудың мақсаты бөлімшелердің өрт сөндіруге дайындығын жетілдіру және жоғары деңгейде ұстау, бөлімшелердің жеке құрамын өрт сөндіру құралдарын беруде жаттықтыру, сондай-ақ өрт сөндіру бойынша объект қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау болды.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға 8 бірлік арнайы өрт сөндіру және қосалқы техникасы мен жеке құрамнан 32 адам жұмылдырылды.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі