Таразда өрт сөндірушілерді еске алу турнирі өтті

Таразда өрт сөндірушілерді еске алу  турнирі өтті

2022 жылдың 25 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылыс салдарынан қызметтік міндеттерін орындау барысында ерлікпен қаза тапқан азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін еске алуға арналған Жамбыл облысының құқық қорғау органдары мен мемлекеттік  қызметкерлері арасында шағын футболдан  облыстық турнир біріншілігі өтті.

Іс-шара Ж.Үшкемпіров атындағы қалалық «Тараз-Арена» спорт сарайы спорт кешенінде өтті. Батырларды еске алуға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Бекболатұлы Дербісов арнайы келді. Өз сөзінде ол өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерлік істерін атап өтті. Олар дәстүр бойынша қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Әрі қарай Нұрболат Дербісов турнирді ашық деп жариялады. Іс-шараға өрт сөндіруге қатысқан жауынгерлер, өртке қарсы қызмет ардагерлері, қаза тапқан өрт сөндірушілердің туыстары келді.    

Турнирге барлығы 10 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша үшінші жүлделі орынды Полиция департаментінің құрама командасы, екінші жүлделі орынды Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің командасы, ал  жүлделі бірінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командасы иеленді. Барлық жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Ерекше көзге түскен қатысушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

Осындай турнирлерді жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.

 

 

Өртке қарсы қызмет комитеті