
Жетісу облысында жылыту кезеңінің басталуына дайындық қазірден басталды. Осыған орай, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің алаңында гарнизон қызметкерлерінің өздеріне тапсырылған аумақты аралау бойынша нұсқаулық өткізілді. Облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Дәурен Азаматовтың басшылығымен тұрғын үйлерді аралап, жылыту маусымына пештердің сапасы мен дайындығы тексерілді, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі шаралары туралы иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Үйлерде пештерді орнату, пайдалану және дұрыс ұстау бойынша түсініктемелер берілді. Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері адамдар көп жиналатын орындарда еріктілермен бірлесіп «Әрбір үйге қауіпсіздік» акциясын ұйымдастырды. Өткізілген іс-шара барысында халыққа өрт қауіпсіздігінің нормалары, шаралары мен ережелері түсіндірілді, сондай-ақ дауыс зорайтқыш арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде тұрғын үйлердегі пештерге қойылатын талаптар айтылды. Жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді. Талдықорған орман шаруашылығында демалыс аймақтарында ат патрульімен демалушыларға табиғатта демалу кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері және орманда от жағу кезінде сақтық шараларын сақтау туралы түсіндірілді.
Жетісу облыстық ТЖД азаматтардан профилактикалық іс-шараларды өткізуге түсіністікпен қарауды сұрайды және өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын, қағидалары мен нормаларын сақтау қажеттігін еске салады. Түтіндіктер мен пештерді тек жылыту маусымы басталар алдында ғана емес, барлық уақытта күйеден тазарту қажет. Жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе оларды қадағалауды жас балаларға тапсырмаңыз, тұтану үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Есіңізде болсын, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу өрттің тұрақты себебі болып табылады.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі