Төтенше жағдайлар министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Төтенше жағдайлар министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

2022 жылғы 19 тамызда Төтенше жағдайлар министрлігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және азаматтық қорғау органдары қоғамдық кеңесінің бірлескен кеңесі өтті.

Іс-шараның мақсаты Министрліктің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылдаған шараларын аралық бағалау, сондай-ақ саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша басым аймақтарды анықтау болды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов осы саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар санының азаю трендін атап өтіп, сыбайлас жемқорлықты алдын алуда қолда бар барлық тетіктерді пайдалануға шақырды.

Өз кезегінде, қоғамдық кеңес төрағасы Д.Д. Сатылғанов сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жұмыста одан әрі бірлесіп өзара іс-қимыл жасауға назар аударды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлеріне іс-шараға қатысқаны үшін алғыс білдірді.

 

 

ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті