
2022 жылдың 15 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында Жетісу облысы аумағында «Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы» бірінші кезеңі басталды. Осы шараны өткізу шеңберінде халықпен жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізіледі. Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары одан әрі тұрғын үй секторын жалпы аралау жұмыстары жүргізілетін болады.
Жеке тұрғын үй секторын аралау барысында Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері еріктілермен, полиция бөлімдерімен және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп, азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша түбіртек-ұсыныстар, жадынамалар және брошюралар табысталады. Тұрғындардың қалауы бойынша қызметкерді үйге кіргізіп, электрсымдарын, электржабдықтарын, газ қазандықтарын, пештің жарамдылығы мен мұржаның бітелуін ерте анықтау үшін тексеруге шақыра алады, себебі бұл улы газбен улануға немене өрттің пайда болуына ықпал етеді.
Жетісу облысы ТЖД азаматтардан аталған іс-шараны өткізуге түсіністікпен қарауды сұрайды және жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сақтау қажеттілігі туралы және барлық талаптарды сақтауға ескертеді. Жылыту маусымы басталар алдында мұржамен мен құбырларды күйеден тазартуыңызды, жағылған пештерді қараусыз қалдырмауыңызды сұраймыз. Жылыту пештері мен электр қондырғыларын орнату және пайдалану кезінде абай болыңыздар, зақымдалған розеткаларды, қосқыштарды және автоматтарды пайдалануға қатаң тыйым салынатынын ескертеміз.
Құрметті азаматтар!. Сіздерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі