Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Жылыту маусымы қарсаңында Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығын» жариялады.

Іс-шараларды өткізудің негізгі мақсаты –пешпен және электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларына халықты оқыту.

Халықты оқыту жергілікті полиция қызметін, жергілікті атқарушы органдарды, волонтерлерді және басқа да мүдделі қызметтерді тарта отырып, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, аулаларды аралау, тұрғындармен жиын өткізу арқылы жүргізілетін болады.

Осыған байланысты, Департамент қызметкерлері Ақмола облысының тұрғындарынан жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

 

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.