Пресновка селосының өрт сөндірушілері өрт сөндіру кезінде ер адамды құтқарды

Пресновка селосының өрт сөндірушілері өрт сөндіру кезінде ер адамды құтқарды

2022 жылғы 12 тамызда сағат 4.59-да СҚО Жамбыл ауданы Пресновка селосының №11 өрт сөндіру бөлімінің пультіне Жамбыл көшесі, 6 мекенжайындағы тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру жасақтары өрт орнына дереу жіберілді.

Шақыру орнына келген бойда жабық аула мен тұрғын үйдің шатыры отпен жабылғаны анықталды. Көршілердің сөзінен, үйде ер адам болуы мүмкін білген соң, өрт сөндірушілер газ түтінінен қорғау қызметі бөлімінің құрамында түтін аймағына кірген. Көп ұзамай өрт болған жерден өрт сөндірушілер 1981 жылы туылған зардап шеккен адамды орташа ауыр жағдайда алып шықты. Ер адам жедел жәрдем көлігіне жеткізілді.

Жамбыл ауданы Пресновка с. 11-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Роман Аксючиц пен  Пресновка с.11-ӨСБ жеке құрамының жылдам, шебер іс-әрекеттерінің арқасында  өрт сөндіруші Гафур Ізтөлин, жүргізуші-қызметкерлер Владислав Никитин мен Айдар Құрметов адам өмірін сақтап қалды.

Өрт сағат 05.26-да оқшауланып, сағат 05.47-де толық сөндірілді.

Өрт салдарынан жабық ауланың шатыры, веранда өртеніп, үйдің шатыры жартылай бүлінген. Өрттің жалпы ауданы 60 шаршы метрді құрады.

Өрт сөндірушілер ТЖ орнынан бір газ баллонын шығарды.  

Өрттің алдын ала себебі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 4 адам және 2 бірлік арнайы техника, «Пресновтық орман шаруашылығы» ММ - 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта зардап шеккен адам ауруханада жатыр, оның өміріне қауіп жоқ.

Өз кезегінде ер азамат  өрт сөндірушілерге өрт сөндіру күзеті қызметкерлерінің уақтылы келгені және үйлесімді жұмысы үшін, ең бастысы, өз өмірін құтқарғаны үшін алғыс айтты.

2022 жылдың басынан бері облыста 421 өрт тіркелді.  Өрт кезінде өрт сөндірушілер 95 адамды эвакуациялап, 12 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. 30 адам, оның ішінде 2 бала қаза тапты.

 

СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы