Сауда базарларының өкілдерімен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кездесу өтті

Сауда базарларының өкілдерімен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кездесу өтті

2022 жылғы 10 тамызда Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп сауда объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша сауда базарларының өкілдерімен кеңес өткізді.

Өз сөзінде Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Асланбек Теміров сауда базарларының өкілдеріне павильондарға, дүңгіршектер мен сауда дүңгіршектеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын жеткізді.

Облыстық ведомствоның өкілі кәсіпкерлердің назарын адамдар көп баратын нысанның әрбір қызметкері белгіленген өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге және қатаң сақтауға міндетті екендігіне аударды. Бұдан басқа, үй-жайлар мен ғимараттардың өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғалар олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, объектіде жұмыс істейтін адамдар мен келушілердің белгіленген өртке қарсы режимді қатаң орындауын қадағалауға, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша нұсқаулықтан өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеуге міндетті.

Сонымен қатар, дүңгіршектер мен дүкендер желісі арасындағы өртке қарсы қашықтықтарға қойылатын талаптар түсіндірілді.

 

 

Қостанай облысы ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы