
Күршім ауданында өрт сөндірушілер Бунтовский көшесіндегі жеке тұрған дүкенді қамтыған өртті сөндірді. Өнеркәсіптік тауарлар, төбелер, витриналар өртенді. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 20 шаршы метр өртті сөндірді. Мамандар өрттің шығу себебі ретінде электр сымдарының қысқа тұйықталу нұсқасын қарастыруда.
«Жыл басынан бері облыстың сауда нысандарында 17 өрт болды. ШҚО ТЖД мамандарымен өрт-техникалық тексеру жүргізу кезінде 11 сауда объектісінде 50-ге жуық бұзушылық анықталды. Бұзушылыққа жол бергені үшін 7 тұлға жауапкершілікке тартылды. Көбінесе бұзушылықтар арасында - электр сымдарындағы ақаулар, электр жабдықтарының авариялық режимі, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санының болмауы және автоматты өрт дабылының ақауы бар», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Серік Амангелдин «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпорын басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлеп, жүзеге асыруы, өрттерді сөндіру кезінде жәрдем көрсетуі, туындаған жанулар, қолда бар өртке қарсы қорғау жүйелері мен құралдарының ақаулары туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлауы қажет екенін еске салды.
ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге өз мүлкін оттан қорғау үшін мына ережелерді сақтауды ұсынады:
- өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзушылықтарын уақытында жою;
- объектілерде ашық отпен жұмыс жасауда,темекі шегуде немқұрайлыққа жол бермеу.
- алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санын қамтамасыз ету
- электр сымдарының және автоматты өрт дабылының жарамдылығын қадағалау;
- өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі