Елордалық өрт сөндірушілер ірі өртті сөндірді

Елордалық өрт сөндірушілер ірі өртті сөндірді

25 шілде күні сағат 22-05-те "101" пультіне Қобда көшесі, 6 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бөлімшелері жіберілді. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша  бір қатарда тұрған алты бір қабатты ғимарат, екі қабатты ангардың төбесі, сондай-ақ газ толтыру станцияларының үй-жайларында газдың алаулап жанып жатқаны анықталды.

Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылып, өрт сөндірудің жауынгерлік учаскелері ұйымдастырылды.

Жоғары температураның, қатты қызудың қысымымен өрт сөндірушілер өз өмірлерін қатерге тігіп, өртті сағат 00.05-те оқшаулап, сағат 01.23-те сөндірді.

Жедел жәрдем станциясының ақпараты бойынша әртүрлі дәрежедегі термиялық күйік алған өрт орнынан зардап шеккен төрт адам № 1 МГБ-ға жатқызылды.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі