Қарқаралы ауданында өртті сөндіру жер үсті және әуе тәсілдерімен жалғасуда

Қарқаралы ауданында өртті сөндіру жер үсті және әуе тәсілдерімен жалғасуда

Қарқаралы ауданында екі ошақта табиғи өртті сөндіру жалғасуда. Өртті жою жұмыстары жер үсті және әуе тәсілдерімен жүргізілуде.

Оқиға орнында  Қарағанды облысы ТЖ департаментінің, өртке қарсы ерікті құралымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығының, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, полицияның, «Алтай Полиметалы» ЖШС күштері мен құралдары, барлығы 233 адам және 45 бірлік техника жұмылдырылды.

ҚР ТЖМ суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ жұмылдырылды. Барлығы  84 су ағызу жүзеге асырылды.

ТЖ жою аймағында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды.

Өрттің жалпы ауданы шамамен 1089 га құрайды. Өртті сөндіру қиын таулы-жартасты жерлермен, су қоймаларының жанында болмауымен, қатты және ауыспалы желмен күрделенген.  Өртті өндіру үшін су жеткізу ұйымдастырылған.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі