
Қарқаралы ауданындағы Кувский орманшылығының аумағындағы өртті жоюға Қарағанды облысы ТЖ департаментінің, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Кувский шаруашылығының, жергілікті атқарушы органдардың, өртке қарсы ерікті құралымдардың, жергілікті полиция қызметінің, ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК, «Алтай Полиметалы» ЖШС күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Өрт орнында барлығы 280 адам, 44 бірлік техника, 2 тікұшақ жұмыс істеуде.
ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ авиациясымен су ағызу жалғасуда. 12 су ағызу жүзеге асырылды.
Қабылданған шаралармен өрт алдын-ала болжам бойынша 250 га алаңда ауыздықталды. Өртті жою жұмыстары жалғасуда. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен, түтінмен, күшті және ауыспалы желмен күрделенген.
Жану ашық күйде орын алып жатқан жоқ. Бұталар мен шөптер бықсып жануда. Қазіргі уақытта түтінді сөндіру жүргізілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ, Бұқар Жырау ауданы аумағындағы Белағаш орман шаруашылығында 100 га және 1,5 га орман алқаптарында құрғақ шөп өртенген табиғи өртті жою бойынша жұмыстар жалғасуда. Өрт 22 маусым күні таңерертең ауыздықталды. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД-нен ҚР ТЖМ 52859 ә/б, өртке қарсы ерікті құралымдардан, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдарынан 142 адам мен 27 бірлік техника жұмылдырылды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі