Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бөлімшелері табиғи өрттерді сөндіруге көмектесуде

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бөлімшелері табиғи өрттерді сөндіруге көмектесуде

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары өңір аумағында туындаған бірнеше табиғи өрттерді сөндіруге бір мезгілде жұмылдырылған.

Қарқаралы ауданының Қоянды ауылдық округінде 20 маусымда пайда болған ірі дала өрті 21 маусымда жойылды. Шөп жануы  1500 га.алаңда болды. Өртті сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД, өртке қарсы ерікті құралымдардың және орман шаруашылығы  57 адамы мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, 21 маусым күні сағат 14:58-де Қарқаралы ауданында "Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Кувское орман шаруашылығы" РММ аумағында өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД, Өртке қарсы ерікті құралымдардың, орман шаруашылығының және "Алтай Полиметаллы"ЖШС-нің 270 адамы мен 43 техникасы жұмылдырылды. Қабылданған шаралармен өрт 250 га алдын ала алаңда оқшауланды. ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 көпмақсатты тікұшағы Қарағанды облысына басқа облыстан көшірілді. Бүгін тікұшақ табиғи өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта учаскелерде жану жоқ. Бұталар мен шөптер бықсуы орын алуда. Түтінді сөндіру жүргізіледі. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Бұқар Жырау ауданында "Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Белағаш орман шаруашылығы" РММ аумағында екі табиғи өрт тіркелді. Бірінші өрт Қызылтау ауданы шатқалында  40 га алаңда құрғақ шөп және  2 га. алаңда бұталар жанды.  ӨртТЖД, еріктілер және орман шаруашылығы күштерімен сөндірілді. Екінші өрт 21 маусым күні кешке Төрткөл ауылынан 20 шақырым жерде тіркелді. Құрғақ шөптің жануы алдын ала болжам бойынша 100 га аумақта және 1,5 га  аумақта орман орны алды. Өрт 22 маусымда сағат 05:25-те ауыздықталды. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД-нің, ҚР ТЖМ 52859 ә/б, өртке қарсы ерікті құралымдардың, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың  145 адамы мен 28 техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, ТЖД күштері Осакаров ауданының Жансары ауылдық округіндегі ірі дала өртін сөндіруге жұмылдырылды. Өрт туралы хабарлама 21 маусымда сағат 14:45-те келіп түсті. Жалпы жану аумағы құрғақ шөптен құралған  1200 га. аумақта орын алды. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы  және Павлодар облысының ТЖД, ерікті өртке қарсы және орман шаруашылығынан 26 адамы мен 8 техника жұмылдырылды. Өрт 22 маусымда сағат 00:20-да жойылды.

Табиғи өрттерді сөндіру өрттің тез таралуына ықпал ететін екпінді желмен, су қоймаларының жанында болмауымен, сондай-ақ күрделі жер бедерімен (таулы жер) қиындық тудырады. Негізінен сөндіру қолда бар құралдармен жаяу тәртіпте жүргізіледі.

Алдын ала болжам бойынша өрттің негізгі себебі найзағай болып табылады.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі