
2022 жылғы 20 маусымда сағат 10-45-те «101» пультіне Екібастұз қаласында Сәтбаев көшесі 22/3 мекенжайыда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Екінші қабаттағы бес қабатты тұрғын үйде үш бөлмелі пәтерден өрт шықты. Жалпы ауданы 18 м2 құрады. Жиһаз бен пластикалық терезелер, үй заттары жанып жатты.
Барлау барысында бесінші қабаттан №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Дархан Түсіпов пәтерден 2013 жылғы баланы және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Ерболат Төлеутаев 2014 жылғы қызды алып шықты.
Өрт сөндірушілер төрт адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін сатылы марш бойынша жеті адам, оның ішінде бір бала өздігінен эвакуацияланды. Өрт сағат 11-20-да сөндірілді. Павлодар облысы ТЖД, "102", "103"қызметтерінің жеке құрамынан 14 адам және 4 техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Павлодар облысы ТЖД