2022 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Ерік Нұрланұлы Мұхаметғалиевтің төрағалығымен Нұр-сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицерін Айдоса Мамытты шақыра отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының новеллалары» тақырыбында семинар өтті.
Кездесуде Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу тәртібі мәселелері қаралды.
Семинар соңында Ерік Нұрланұлы дәріскерге мазмұнды баяндама және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша көтерілген өзекті мәселелер үшін алғысын білдірді. Семинар нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттар мен қызметкерлердің мінез-құлық стандарттарын және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті