Түркістан облысының өрт сөндірушілері «Жеті Тандыр» дәмханасындағы өртті сөндірді

Түркістан облысының өрт сөндірушілері  «Жеті Тандыр» дәмханасындағы өртті сөндірді

2022 жылғы 16 маусымда сағат 11.48-де Түркістан қаласында екі қабатты «Жеті Тандыр» дәмхананың екінші қабатында өрт шықты.  Алдын ала мәлімет бойынша өрт 400 шаршы метрді шарпып, ғимараттың шатырына өткен. Өрт сағат 12.50-де оқшауланып, сағат 13.23-те сөндірілді. Өрт көлемі 594 шаршы метрді құрады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды.

Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өздігенен шығып кеткен.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі