Қостанайда көпқабатты үйде түнгі өрт салдарынан 46 адам эвакуацияланды, сегізі құтқарылды, оның ішінде үшеуі бала

Қостанайда көпқабатты үйде түнгі өрт салдарынан 46 адам эвакуацияланды, сегізі құтқарылды, оның ішінде үшеуі бала

2022 жылдың 13 маусымда сағат  түнгі 03:33-те «101» пультіне Қобыланды батыр даңғылы бойындағы 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Қостанайдың 1-МӨСБ келген өрт сөндірушілер үйдің екінші кіреберісінен қатты түтінді анықтады. Тұрғындар қауіпті аймақта болды. 2-қабаттағы пәтер мен қылтима (балкон) ашық жалынмен жанып жатты. Өрт 2-ші және 3-ші қабаттардағы іргелес қылтималарға (балкондарға) таралды. Өрт аумағы шамамен 24 шаршы метрді құрады.

Өртті сөндіру, қалыпты тыныс алуға жарамсыз жағдайларда азаматтарды құтқару және эвакуациялау үшін жұмысқа құрамында 6 адам бар газ-түтіннен қорғау қызметінің екі буыны бірден қосылды. ТЖД күшімен баспалдақпен 46 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. 8 адам құтқарылды, оның ішінде 3-еуі бала. Оларды өрт сөндірушілер автосатының көмегімен жерге түсірді. Өртті сөндіруге Қостанайдың үш өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 19 адам және 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.  Сағат 04:07-де өрт ауыздықталып,  кейін сағат 04:14-те өрт толығымен сөндірілді. ТЖД қызметкерлерінің батыл және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өртте адамдардың қаза болуына жол берілген жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға темекі шегу кезінде отты абайсыз қолдану нәтижесінде болған.

Статистика көрсетіп отырғандай, көп жағдайда өрт – адамдардың абайсыздығының және өз қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауының нәтижесінде туындайды.

Есіңізде болсын! Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау-сіздің әл-ауқатыңыздың, сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтаудың кепілі.

 

Қостанай облысының ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы