ТЖМ қызметкерлері «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешеніне барды

ТЖМ қызметкерлері «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешеніне барды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу аясында ТЖМ және ведомстволардың қызметкерлері 10 маусымда Ақмол кентінде орналасқан «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешеніне барды.

Мұражай кешенін аралау барысында қызметкерлер экспозициялармен, мұрағаттық құжаттармен, фотосуреттермен, сондай-ақ «АЛЖИР» тұтқындары барағының реставрациялық көшірмесімен танысты. Мұражайдағы экскурсиядан кейін қызметкерлер мен қызметшілерге тұтқындардың балаларының әңгімелеріне негізделген деректі фильм көрсетілді.

 Кадр саясаты департаменті