Шығыс Қазақстанда орман өрті ауыздықталды

Шығыс Қазақстанда орман өрті ауыздықталды

2022 жылғы 01 маусымда "Семей орманы" МОТР Жаңа Семей филиалы  Подгорное орманшылығының аумағында басталған өрт 02 маусымдағы 11 сағат 00 минутта оқшауланды.     

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ №68303 әскери бөлімі мен орманшылардың күштері жұмылдырылды. Барлығы жеке құрамнан 399 адам және 85 бірлік техника жұмылдырылған.

Қатты соққан жел отпен арпалысты ушықтырды.

Өрттің алдын ала себебі бойынша - найзағайдың түсуі деген болжам қарастырылуда.

Өрттің ауданы шамамен ауданы 200-250 Га құрады. құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

ШҚО ТЖД табиғи өрттердің пайда болу қаупін азайту мақсатында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді:
- сөндірілмеген сіріңкелерді, темекі тұқылдарын тастауға жол бермеу;

- қылқан жапырақты жас өскіндерде,  бүлінген орман учаскелерінде от жақпау

- шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып кету керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпте күн сәулесін шоғырландырып, өрт шығуы мүмкін;
- алау жағу ені кемінде төрт метр минералдандырылған жолақпен көмкерілген алаңдарда жүзеге асырылады. Алауды топырақпен мұқият жауып немесе бықсу толық тоқтағанша су құйылады. Қатты жел соққан кезде от қоймаңыз.

- отты қараусыз қалдырмаңыз.

Орман және дала алқаптарынан елді мекендерге оттың өтуіне жол бермеу үшін жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендердің аумақтарын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералданған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізілсін. Табиғи өрттер туындаған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке "101", "112"телефондары бойынша хабарлау қажет.

 

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі