Шығыс Қазақстанда орман өрттерімен күрес жалғасуда

Шығыс Қазақстанда орман өрттерімен күрес жалғасуда

2022 жылғы 1 маусымда «Семей-орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Жаңа-Семей филиалының Подгороднее орманшылығы орман жабынының аумағында (қарағай) өрт шықты.

Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ №68303 әскери бөлімінің орманшылары мен күштері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Барлығы жеке құрамнан 399 адам және 85 бірлік техника жұмыс істеуде.

Семей қаласында өрт қауіптілігінің 5 сыныбы жарияланған.

Өрттің шығу себебі  найзағайдан болды деген болжам бар. Өрт алаңы анықталуда. Әуеден мониторинг жасау үшін «Қазавиаорманқорғау» «Ми-2» тікұшағы тартылды.

Қазіргі уақытта өрттің таралуы тоқтатылды. Орман іші аймағында жұмыстар жүргізілуде.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі