
2022 жылғы 17 мамырда Өңірлік коммуникациялар орталығында Павлодар облысының аумағында өрт қауіпті кезеңнің өтуі және шомылу маусымына дайындық мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер ретінде ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов және ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қайрат Бертібаев сөз сөйледі.
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері Павлодар облысының аумағында 16 орман өрті және 45 дала жануы тіркелді. Табиғи өрттер мен жанудың жалпы аумағы 1500 гектардан асты, деді ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов.
Сондай-ақ, спикер өрт қауіпті кезең басталғаннан бері елді мекендер аумағында 203 шөп өрті және облыстың саяжай алқаптарында 57 өрт, жалпы ауданы 350 гектар болғанын айтты.
Табиғи өрттер мен жанудың туындау қаупін болдырмау және азайту мақсатында ТЖ департаменті, мүдделі мемлекеттік жергілікті атқарушы органдарымен бірге алдын алу шараларының кешенін жүргізеді. Күштер мен құралдардың аймақтық тобы құралды. Жалпы саны 829 адам және 93 бірлік техника, оның ішінде 75 автоцистерна, 116 бейімделген техника, 2 өрт сөндіру пойызы.
Облыс аумағында жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде 199 ерікті өртке қарсы құралымдар мен 51 өрт сөндіру бекетін құрды, олардың саны 2 мыңнан астам адам және 424 бірлік өрт және арнайы техника. Қайрат Шаймарденов өрт қауіпті кезеңде терек мамығын өртемеуге және халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды. Ата-аналардан өрт қауіпсіздігі тақырыбында балалармен әңгіме өткізуді сұрады. Өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін азаматтарды жауапкершілікке тартатынын еске салды.
Алдағы 2022 жылғы шомылу маусымына дайындық мақсатында Департаментпен жүйелі жұмыс жүргізуде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауда. Бұл туралы ТЖД АҚБ бастығы Қайрат Бертібаев айтты. Департаменттің бастамасы бойынша облыстың су айдындарында қосымша 25 жаңа жағажай ашу ұсынылды.
Білім басқармасының мәліметінше, күзгі-қысқы кезеңде 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Павлодар облысының аумағында жүзуге 9 мың 210 бала оқытылды: оның ішінде 5 мың 157 бала мектепке дейінгі жаста, оның ішінде 1 мың 301 бала әлеуметтік осал отбасылардан шыққан; мектепте 4 мың 53 бала, оның ішінде 809 бала әлеуметтік осал отбасылардан шыққан.
Өткен жылғы маусымда 85 қаңқалы-модульдік бассейн сатып алынды, 2022 жылы 37 қаңқалы-модульдік бассейн сатып алу жоспарлануда.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі