Төтенше жағдайлар департаментімен Алматы қаласы Оқушылар сарайының базасында «Жас құтқарушы» азаматтық қорғау оқу үйірмесі ашылды

Төтенше жағдайлар департаментімен Алматы қаласы Оқушылар сарайының базасында  «Жас құтқарушы» азаматтық қорғау оқу үйірмесі ашылды

Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау, төтенше жағдайлар кезінде балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру мақсатында, сондай - ақ 2022 жыл – «Балалар жылы» деп жарияланған шеңберде Төтенше жағдайлар департаментімен Алматы қаласы Оқушылар сарайының базасында «Жас құтқарушы» азаматтық қорғау оқу үйірмесі ашылды, оның мәні ТЖ алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі желілері теориялық және практикалық сабақтарды өткізу болып табылады.

Аталған үйірмеде азаматтық қорғау бойынша қосымша сабақтар мен іскерлік ойындар, ТЖ әр түрлеріндегі оқушылардың іс-әрекеттері, алғашқы көмек көрсету, дөңгелек үстелдер, интерактивті сабақтар және тақырыптық флэш-мобтар өткізу қарастырылған.

Айта кету керек, үйірмеде ноутбук, смарт теледидар, балалар манекені, газтұтқыштар, дабыл чемодандары, азаматтық қорғау бойынша стендтер, вакум шиналары, өрт сөндіргіш, оқу құралдары, 4Д плакаттар, жадынамалар, брошюралар мен журналдар бар.

Ағымдағы жылдың 12 мамырында 20 оқушыға алғашқы оқу сабақтары өткізіліп, 40 дана көлемінде «Жер сілкінісі кезіндегі  10 қарапайым қадам» және «Судағы қауіпсіздік» жадынамалары таратылды.

Өз кезегінде, азаматтық қорғау саласындағы оқу сабақтары Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін тұрақты негізде өткізілетін болады.

 

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі