2022 жылғы 28 cәуірде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын Жуалы ауданының Кәріқорған ауылы аумағындағы аймақта өрт қауіпті кезеңге дайындау мақсатында шартты табиғи өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығуға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, «Жамбыл облысы әкімдігінің Жуалы және Аққөл ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ, Жеттітөбе ауылдық округтердің ерікті өрт сөндіру құрылымдарының, аудандық азаматтық қорғау қызметінің құрамына кіретін басқа да ұйымдар мен мекемелердің, күштері мен құралдары тартылды.
Бүгін барлық қатысушылар күш құралдармен табиғи өрттің алдын алудың барлық циклын: өрт бақылау мінбесіндегі кезекші деспетчердің белгі беруінен бастап, шұғыл штабтың құрылуы және күрделі орман – дала өртінің сәтті өшірілу амалдарын көрсетілді. Сонымен қатар, Жамбыл облысы ТЖ Департаменті бөлімшелерінің және Жамбыл облысы азаматтық қорғау қызметтерінің орман және дала өрттерін жоюмен байланысты Жамбыл облысы аумағындағы төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимыл жоспарына сәйкес өзара іс-қимылдар тәжірбие жүзінде пысықталды. Осындай өрт-тактикалық оқу-жаттығулар Жамбыл облысының барлық аудандарында өткізілуде. Жыл сайын өрт сөндірушілер гектармен орман-дала және дала өрттерін жояды. Мұндай өрттер үлкен алқаптарға таралып, орман-дала өрттеріне өтеді және жоюға жұмылдырылған айтарлықтай өртке қарсы қызмет күштері мен құралдарының отырып, елді мекендерді өртке қарсы қорғаусыз қалдыра отырып, ауыл шаруашылығы алқаптарына қауіп төндіреді. Тұрғындарды көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңде аса сақ болуға шақырамыз. Осы кезеңде табиғи аумақтарға барған кезде де өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажет.
Жамбыл облысы ТЖД баспассөз қызметі